RU

Сарапшы Ұлыбритания халқының тойып тамақ ішуден қалып бара жатқанына алаңдады

Әл-ауқаты әлсіреген Ұлыбритания халқы қарын тойдырып тамақ ішуден қалып барады. Мұнымен қоса, Корольдікте сонау 19-ғасырда болған тырысқақ, құрқұлақ, қызамық аурулары белең алуда, деп баяндайды The Independent.

Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің мәліметінше, соңғы бір жылда аш құрсақ жүріп, есінен танған 7366 адам ауруханаға түскен. Жергілікті сарапшы Крис Молдтың айтуынша, ел бойынша күн сайын «бірнеше мың адам тойып тамақ ішпейді және олардың тек сапасы нашар тамақты сатып алуға мұршасы бар».

«Балаларының қарны тоқ болуы үшін өздері тамақтан бас тартқан ата-аналарды жиі көреміз. Олар үшін құнарлы тағам қолжетімсіз болып кеткен», - дейді Молд.

Age UK қайырымдылық ұйымының басшысы Дайанн Джеффри аспан ашық, ел тыныш уақытта аш жүретін миллиондаған британиялық қарттар үшін алаңдаулы. Джеффри бұл жағдайды үкіметтің әлеуметтік жәрдемді қысқартып тастауымен байланыстырады.

Лондонның кейбір аудандарын туберкулез жайлап, ондағы жағдай, тіпті Ирак пен Руанда жеріндегі ахуалдан да нашарлап кеткен, деп жазады беделді басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939247-sarapshy-ulybritaniya-khalqynynh-toyyp-t.html