RU

Америкалық миллиардер қазақтар қытай тілін меңгерсе, табысқа жететінін айтты

Қазақстан мектептерінде қытай тілін де оқыту қажет. Мұндай пікірді бүгін «ASTANA INBEST 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум аясында өткен баспасөз мәслихатында әлемге аты танымал инвестор әрі миллиардер, бірнеше компанияның негізін қалаған Джим Роджерс білдірді.

«Қастарыңызда қытайлықтар өте көп. Сіздер мектептеріңізде қытай тілін оқытпайсыздар. Сіздер қазақ, орыс, ағылшын тілін оқытасыздар. Олар өте жасқы тілдер. Бірақ, сіздерге қытай тілін де оқыту қажет», - деді америкалық миллиардер.

Оның атап өтуінше, қазақстандықтар қытай тілін білетін болса, біраз табысқа жете алады.

«Яғни, мен Қазақстанда болсам, онда қытай тілін оқытуға күш салар едім», - деді Роджерс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939408-amerikalyq-milliarder-qazaqtar-qyta.html