RU

Роза Рымбаеваның ерекше өткен концертіне Бауыржан Байбек те келді (фото)

Алматыда Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өзінің туған күнінде концерт берді. Қалың қазақтың сүйіктісінің сахнада жүргеніне биыл 40 жыл толып отыр.

Бүгінге дейін ол халқына 100-ден аса ән сыйлаған. Жеке концертіне келген тыңдармандарда есеп жоқ. Республика сарайы адамға лық толды. Халық әртісінің әуезді әнін тыңдауға белді қоғам белсенділері мен әріптестері де келген.

Әнші концертінде өнердегі жеткен жетістігі мен жаңа туындыларын көрсетті. Әрі ескі әндерді дүйім жұртпен бірге орындады.

«Бүгінгі концерт өте жоғарғы деңгейде өтіп жатыр. Қазақ халқының мақтанышы Роза Қуанышқызының концертіне арнайы Семей қаласынан отбасымызбен келіп отырмыз»,- деді көрермен Маржан Сәкенова.

Қазақтың алтын дауысты әншісін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтап келді. Айта кету керек, Роза Рымбаева әрқашан жанды дауыста ән салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939488-roza-rymbaevanynh-erekshe-otken-koncer.html