RU

Астанада Ұлттық қауіпсіздік комитеті дереу қоршалып жатыр

Астанадағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас ғимараты асығыс қоршалып жатыр. Онсыз да жабық мекеме қазіргісінен де құпия бола бастады деп хабарлайды КТК арнасы.

Комитет бар темір қақпаның сыртынан іргетас құйып тағы қоршау жасауға кіріскен. Сөйтіп онсызда биік дуалды қаңылтырмен жағалай қаптап түк көрінбейтіндей етпек.

Құрылыс материалдарының үйіліп жатуына қарағанда, жұмысшыларға қоршауды тез салу тапсырылған сияқты. Қақпа сыртынан тағы дуал көтерілсе, ұлттық қауіпсіздікке жауапты маңызды органның аумағында не болып жатқанын көру мүмкін болмай қалады.

Комитеттегілердің аяқ-асты жұрттан неліктен жасырынғаны әзірге белгісіз болып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939744-astanada-ulttyq-qauipsizdik-komitet.html