RU

Атырау тұрғыны Шымкенттегі "Мега" орталығында мұзға құлап, көз жұмды

Шымкенттегі "Мега" ойын-сауық және сауда орталығында қайғылы жағдай орын алды. Ер адам жоғарғы қабаттан төменде орналасқан мұз айдынының үстіне құлап түсті.

Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Әзірге, ер адамның мұндай қадамға не үшін барғаны белгісіз. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем қызметкерлері келіп жетті.

"Мен достарыммен киноға кірейін деп тұрғанмын. Кенет әйел адамның айғайлаған даусын естідім. Ер адам алдымен бір аяғы, кейін екінші аяғын жіберді де, төменге құлап түсті", - дейді оқиға куәгері.

Қалалық ІІД қызметкерлері 1973 жылы туған Атырау тұрғынының суициж жасау мақсатында үшінщі қабаттан құлағанын анықтады. Ер адам ауруханада көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939886-shymkenttegi-mega-ortalyghynda-er-adam.html