RU

Астананың "Барысы" жаңа аренада өткізетін алғаш ойын алдында құрбан шалды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы елордада салынған жаңа аренада Сан-Петерборлық СКА клубына қарсы өткізетін матчтың алдында құрбандыққа қой шалып, мұз айдынын толықтай аластап шықты.

Жаңа мұз сарайында өткізген алғашқы ресми матчта елордалық клуб ресейлік қарсыластарынан басым түсті.

Команда ойыншысы Дамир Рысбаевтың айтуынша, клуб мүшелері сойылған қойдың қанымен мұз айдынын, «Барыс» хоккейшілерінің киім ауыстыратын бөлмесін аластап шыққан.

«Мен мұз айдынында жаттығу жасап жатқанда алаңға қойдың қаны тамып жатқанын байқадым. Бұл – команданың болашақта сәтті ойындар өткізуі үшін жасалған ырым», - дейді Дамир Рысбаев.

Айта кету керек, «Барыс» 28 қазан күні жаңа аренада өткізген алғашқы ресми матчта Сан-Петербордың СКА командасын 4:2 есебімен жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939910-astananynh-barysy-zhanha-arenada-otkize.html