RU

Батырхан Шүкеновтің азаматтық некедегі әйелі қазақстандық меценаттардан көмек сұрады

Батырхан Шүкеновтің азаматтық некедегі әйелі Екатерина ресейлік Бірінші арнаның «Пусть говорят» ток-шоуында халықтан көмек сұрады.

Бұл туралы Бірінші арнаға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт «Пусть говорят» бағдарламасына видеоүндеу жолдап, өздерінің қалай бомж атанғандарын айтқан.

«Енді менің әкем жоқ. Бұл мен және анам үшін өте қиын. Анам үнемі жылайды. Әрине, мен оны жұбатуға тырысамын. Бірақ оған бәрібір де қиын», - дейді әншінің ұлы Мақсұт.

Арнаның хабарлауынша, бүгінде олар алыс елде бомждың күйін кешіп жүр. Оларды кең сарайдай үйлерінен шығарып жіберген. Ал Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлының анасы Батырмен 20 жыл тұрса да, оның заңды әйелі болмапты.

«Батырдың өлімі бәрімізді есеңгіретіп тастады. Оның арманы үй салып, ағаш отырғызып, ұлын тәрбиелеу еді. Батыр үйге керекті алғашқы салымды төлеп тастаған. Енді тек қалғанын төлеуі керек еді. Ол оны туған күнінен соң төлемекші еді. Алайда, ол күнге жетпеді...», - дейді Екатерина Шелякова.

Екатерина ұлы Америкада оқуы керек деп есептейді. Қазақстанға көшкісі келмейді. Ал Батырханның ағасы Бауыржан болса, оларға үй алып беру үшін барынша тырысып жатқанын айтқан.

«Катямен дауласуымыз мүмкін емес. Ол баланың анасы. Оның шығыны қазір 4500 долларға тең. Біз қазір оған мектеп жанынан үй алып беруге тырысудамыз», - дейді Бауыржан Шүкенов.

Әзірге Батырхан Шүкеновтің отбасына ресейлік әншілердің ішінде Валерий Меладзе ғана көмектесіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/939962-batyrkhan-shukenovtinh-azamattyq-neked.html