RU

Психологтар бейтаныс адаммен танысудың оңтайлы жолын ұсынды

Психологтар бейтаныс адамдардың қарым-қатынасының даму барысын зерттеп, ән шырқау – қарым-қатынас орнатудың ең оңай жолы екенін анықтады. Бұны ересек дамдармен жүргізілген тәжірибе дәлелдеп берген деп хабарлайды 7sunews.kz.

Адамдардың басын біріктіргіңіз келсе, оларды ән салуға шақырыңыз дейді Оксфорд университетінің зерттеушілері. Сонымен, ғалымдар бейтаныс адамдардың бірнеше ай бойғы қарым-қатынасының даму барысын зерттеді. Тәжірибеге қатысқан еріктілерге әдеби басқосуларға, түрлі курстарға, отырыстарға және ән сабағына бірге бару ұсынылды.

Ән сабағына барған адамдар бір-бірімен бірден жақын араласып кеткені анықталды, деп жазады The Independent. Бұл көрсеткішті сауалнамаға жауап берген еріктілер көрсетіп берді. Яғни, олар тәжірибенің басында және 3, 7 ай өткеннен кейін жазып отырды.

Айырмашлығы бір айдың ішінде белгілі болды. Бірақ уақыт өте келе бұл айырмашылық өзгеріп, әр курстарға барған адамдардың жақын қатынасы біркелкі болды.

Мамандардың байқағаны: ән сабағына бармаған адамдар өзіне досты оқу және үзіліс кезінде әңгімелесу кезінде тапқан. Ал ән салу кезінде жақын қатынас өздігінен орнаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/940713-psikhologtar-beytanys-adammen-tanysu.html