RU

Шампунь қаптамаларынан сәнді киім жасайтын филиппиндік дизайнер жұртты таң қалдырды

Филиппиндегі дизайнер әйел пластик тығындары мен шампунь қаптамаларынан сәнді киім жасайды. Ал жұмысына қажетті заттарын модельер көршілерінің қоқыс жәшіктерінен іздеп табады деп хабарлайды 24.kz.

Қазіргі кезде жиынтығында елуге жуық көйлек бар. Ол өз қолынан шыққан киімді ешкімге сатпайды, оны тек жалға алуға болады. Жалға алудың құны 7 доллардан 47 долларға дейін жетеді.

"Мұның бәрі сатуға да, пайдалануға да келмейтін қоқыс – кофе, сабын мен кондиционерлердің қаптамалары. Мен оны жинап, жуып, құрғатқаннан кейін өрнек шығатындай бір-бірімен жалғаймын", - дейді дизайнер Ричиа Хуанпаоло.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/940743-shampun-qaptamalarynan-sandi-kiim-zha.html