RU

Алматыда құлаған ағаш Nissan Cefiro көлігін басып қалды (фото)

Алматыда құлаған ағаш Nissan Cefiro көлігін басып қалды. Оқиға Масанчи мен Байтұрсынов көшелерінің аралығында Шевченко көшесінің бойында болды.

Куә болғандардың айтуынша, қалалық коммуналды шаруашылық қызметінің өкілдері қу ағаштардың бірін кесіп жатқан. Олардың ескертуіне қарамастан көлік иесі аулалардың біріне өтіп кетуге тырысқан.

Сол мезетте кесілген ағаш діңі көлікті басып қалды. Қазір жүргізушінің ахуалы туралы хабарлама жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/940901-almatyda-qulaghan-aghash-nissan-cefiro-koligin-basy.html