RU

Токиода кітап құмарлар үшін ерекше қонақүй ашылады (фото)

5 қараша күні Жапония астанасы Токио қаласында «Кітап және төсек» (The Book and Bed Hostel) деп аталатын қонақүй ашылады деп жазады «Моя планета» телеарнасы.

Хостелдегі бөлмелерде 1700-ге жуық ағылшын және жапон тілдеріндегі кітаптар мен комикстер болады. Кей нөмірлерде биік сөреден саты арқылы кітаптар алуға мүмкіндік жасалған.

Қонақтарға ұзындығы 200 см, ені 80 см болатын қуыс беріледі. Онда сол сөреде тұрған кітаптармен «ұзаққа» бармай танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/941228-tokioda-kitap-qumarlar-ushin-erekshe-qo.html