RU

Атыраулық отбасы жаңа туған сәбиге Айдын Айымбетовтің есімін берді

31 қазанда ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Атырау облысының Махамбет ауылында болып, өз есімі берілген жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр тіледі деп хабарлайды Bnews.kz.

«Аттасыма мықты денсаулық, баянды ғұмыр тілеймін! Өскенде өз ұлтының мақтанышына айналсын!», - деп тілегін білдірді ғарышкер сәбиге.

«Мен мұнайшымын, жұбайым Лена – үй шаруасында, балалардың тәрбиесіне қарайды. Жуырда төртінші баламыз дүниеге келді, оған өзіміздің батырымыз Айдын Айымбетовтің есімін бердік. Ұлымыздың өскенде дәл осы ағасындай батыр болып, Қазақстанды әлемге танытады деп сенеміз», - дейді нәрестенің әкесі Абидолла Сейсенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/941497-atyraulyq-otbasy-zhanha-tughan-sabige-ay.html