Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балғынбек Имашев не үшін "отставкаға" кеткенін айтты

Опубликовано:

Былтырғы жылы «Алтын домбыраның» иесі атанған айтыскер ақын Балғынбек Имашев жақында айтыстан кететінін мәлімдеген еді.

Осыған байланысты ақын әлеуметтік желідегі парақшасында айтыссүйер ағайынға алғыстан басқа айтары жоқ екенін айтты.

"Айтыстан капитан шенінде отставкаға кетіп барамын. Мұхамеджан, Мэлстер майор кезінде кетті. Есенқұлдар қараөлеңнің «қатардағы жауынгерімін» десе де атағы генералдармен шендес еді-ау. Кешегі сұрапыл соғыс кезінде Алматыда өткен айтысты «Алатаудан, Арқадан ақындарым келіпсің», – деп арнау жырымен ашып берген 98 жастағы Жамбыл Жәкем айтыс деген әлемнің Армия генералдары еді ғой. Айтыссүйер ағайынға алғыстан басқа айтарым жоқ. Айтыс қазаққа ғана тән төл өнеріміз, оны төмендетпей, туын желбірете беретін іні-қарындастарыма бек сенемін", – дейді Балғынбек Имашев.

Айнұр Тұрсынбаевамен айтысы кезінде ақын әйгілі «Той жыры» әнінің мақамына салып, өз ойын былай аяқтады.

Зейнерткерлік тәтті күндер, тәтті күндер!

Бұл айтысқа шат күліндер, шат күліндер.

Осымен мен кетемін пенсияға,

Балғынбектің соңғы айтысы деп біліндер, - деп қайырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/941897-balghynbek-imashev-ne-ushin-otstavkagha-k/

pixel