RU

Данияр Ақышев Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды

Данияр Ақышев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық банк басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Данияр Ақышевты Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы» жарлық:

«Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалсын».

Еске салсақ, 2 қарашада сенат Қазақстан Ұлттық банкі басшысын тағайындау мәселесін қарастырған болатын.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев сенатқа Данияр Ақышевті Ұлттық банк басшысы етіп тағайындау туралы өтініш білдірген.

Сенат бұл өтінішті қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/942833-daniyar-aqyshev-ulttyq-bank-basshysy-bol.html