RU

Торғай геоглифтері NASA-ның қызығушылығын тудырды

Қазақстандағы ең құпия мекендердің бірі - Торғай алқабы NASA-ның қызығушылығын тудырды.

Бұл туралы Қазақ географилық қоғамының Facebook желісіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Жақында ғарыш агенттігі көне Торғай дуалдарының суреттерін жария етті.

Геоглифтердің сыры бүгінгі күнге дейін құпия болып қалуда. Кей дуалдар шамамен 8000 жыл бұрын қаланған. Бұл оларды адамзаттың ең көне туындысы етеді. Мәселен әлемге танымал Стоунхендж тек 5000 жыл бұрын ғана салынған.

Геоглифтер аяқ-асты табылған. Қостанай тұрғыны Дмитрий Дей пирамидалар туралы фильмді көргеннен кейін Google Earth бағдарламасы арқылы өз қаласында соған ұқсас пирамдаларды іздеуге кіріседі. Ақыры ен далада салынған геоглифтерге тап болады.

Біз әзірге тек 4 нысанның барын білеміз. Олардың әрқайсысының өз атауы мен ерекшеліктері бар. Үштоғайлық шаршы - бұл екі диагональ сызықтарымен ұштасатын шаршы пішіндес дуалдардың жиынтығы.

Бестамдық сақина, атауы айтып тұрғандай, дуалдардан құрылған сақина. Пішіні мен үлкендігі жағынан ең ерекше геоглиф – Торғайлық свастика. Ал ең соңғы геоглиф – Екедіндік кресттің жағдайы көңіл көншітерлік емес.

Осы жылда оның жарты бөлігі жол салу үшін қиратылған болатын. Биліктің ескерткіш орналасқанын ескерткеніне қарамастан, дуалды жартылай қиратып тастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/942889-torghay-geoglifteri-nasa-nynh-qyzyghushylyghy.html