RU

Жүрегіне ота жасалған адамды не құтқарып қалады?

Мичиган университетінің зерттеушілері кардиохирургия бөлімінің 1576 науқасына сауалнама арқылы тәжірибе жүргізді.

Қатысушылардың 65 пайызы — некеде, 12 пайызы — ажырасқан немесе жұбайынан бөлек тұрып жатқандар, 21 пайызы – жесір, ал 2 пайызы – бойдақтар. Ғалымдар бұл науқастардың жүрегіне ота жасалғаннан кейін сауалнамаға қатыстырды, — деп жазады The Daily Mail.

Зерттеу көрсеткендей, некеде болғандардың 19 пайызы 29% ажырасқандар, 34% жесірлер, 20% бойдақтармен салыстырғанда, дүние салып немесе іс-әрекетке қабілетсіз болып қалған. Яғни, некеде болғандардың отадан кейін тірі қалғандарының саны едәуір артық.

Ал ажырасып кеткен, жұбайынан бөлек тұратын және жесірлердің ота жасалған соң 2 жылдан кейін өліп қалу немесе жұмыс істеуге қабілетсіз болып қалу қаупі 40 пайызға жоғары болып шықты.

Мамандардың болжамынша, тәжірибеге қатысқан науқастардың жұбайлары оларды ота жасалған соң күтімге алып, лайықты аурухана тауып беруге көмектеседі. Соған қарағанда, өзінің жұбайы туралы ой отадан кейін туындайтын асқынуды төмендетеді.

Зерттеушілер бұл тұжырым болашақта жүрегіне ота жасалатын науқастарға жәрдемін тигізеді деген сенімде деп жазады 7sunews.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/943098-zhuregine-ota-zhasalghan-adamdy-ne-qutqa.html