RU

Жәния Джуринская әлеуметтік желіде өзіне өлім тілеген қызды аямай сөкті

31 қазанда "Вузеры" хикаясының жұлдызы Жәния Джуринская Хэллоуин мерекесін достарымен бірге атап өтті. Мерекенің дәстүрі бойынша, әртіс бетін өзгеше етіп бояған. Актриса көңілді кештің суреттерін Instagram парақшасына салғаны сол еді, жазылушылар Жәнияны өткір сынға алды, деп жазады NUR.KZ.

Өзіне арналған комментарийлерді оқыған актриса жаман пиғылды сөздерге бірден жауап берді.

"Неден бастарымды да білмей тұрмын. Арам ниеттілерді бірден балағаттағым кеп тұр. Бірақ marzhan_azimbek секілді есуастарға жай сөзбен түсіндіріп көрейін. Ешқандай қара күштерге сенбеймін, сенуге ешкімді көндіріп те отырған жоқпын", - дейді актриса өз жазбасында.

Әрі қарай Жәния жазбасында Halloween-нің достармен көңіл көтеру үшін жасалған мереке екенін түсіндіреді. Актриса бет келбетін де қызық үшін қорқынышты етіп әрлеп, соған сай костюм кигендерін де айта кетеді.

"Сол үшін қазақ қызын өлтіру керек пе? Өлім тілеу керек пе? Есіңізден адастыңыз ба? Осындай marzhan_azimbek сияқты адамдардың ішінде жын отырады, оларға салсаң, бәрін пышақтап тастайтын түрі бар", - дейді Жәния Джуринская.

Әртістің айтуынша, Halloween-нің дінге және ұлтқа ешқандай қатысы жоқ. Бұл көңіл көтерудің бір түрі, қорқынышты фильм көру, елестер туралы әңгімелер есту дегенді білдіреді.

Хэллоуин мерекесі Ирландия мен Шотландияның көне кельт тайпасының дәстүріне жатады. 31 қазан күні ағылшын елдерінде тойланады, бірақ, соңғы уақытта Еуропа мен ТМД елдерінде де тойлана бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/943672-zhaniya-dzhurinskaya-aleumettik-zhelide-o.html