RU

Танымал актер Азамат Сатыбалды туған күнін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

2 қараша күні танымал актер Азамат Сатыбалды туған күнін отандық жұлдыздармен бірге атап өтті. Туған күн иесінің үйіне жиналған әртістер Азаматқа ізгі тілектерін жаудырды.

"Алаштың Азаматы,туған күнiңмен!Назгүлiңмен бiрге қартайыңдар. Сұлтанның соңынан Сұлушаштар ере берсiн", - деді "Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев.

Сондай-ақ, әртістің достары Азаматтың жары, белгілі актриса Назгүл Қарабалинаға да жылы лебіздерін білдіріп, шаңырағы шаттыққа толуын тіледі.

 

"Назгүл екеуің бақытты өмір кешіп, Сұлтанның қуанышын көріңдер! Сендей досыммен мақтанамын", - дейді Айгүл Иманбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/943700-tanymal-akter-azamat-satybaldy-tughan.html