RU
Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның рөлін сомдамақ (фото)

Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның рөлін сомдамақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Осы жылы Қазақстанның тұңғыш президенті туралы "Елбасы жолы" деп аталатын киноэпопеяның бесінші бөлімі жарыққа шығады. Кинокартина "Балалық шағымның аспаны", "Отты өзен", "Теміртау", "Тығырықтан жол тапқан" фильмдерінің желісін толықтырады, деп жазады NUR.KZ.

Актриса Бибігүл Ақтан Instagram парақшасында түсірілім алаңындағы кейбір сәттермен бөліскен. Әртіске Динара Назарбаеваның рөлі берілсе, Дариға Назарбаеваның болмысын белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайды.

"Киім өлшейтін бөлмеде Қарлығаш Мұхамеджанованы кездестіріп қалдым. Ол менің кинодағы туған әпкем Дариға Назарбаеваның рөлін ойнайды, ал мен Динаранікін", - дейді актриса.

"Елбасы жолына" кіретін бес фильмнің сценарийін танымал қазақстандық драматургтер Шахимерден Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары желісімен жазған. Сондай-ақ, фильмде елбасының әріптестері, достары айтқан естеліктер де қолданылған.

Фильмде бас рөлді қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдайды. Ол қалың көрерменге "Махамбет", "Мұстафа Шоқай" туындылары арқылы жақсы таныс.

Елбасының өмір жолын баяндайтын кинотуындының жалғасы Қазақстан, Ресей, Еуропа, АҚШ және шығыс елдерінің аумағында көрсетіледі.

Кинокартинаның креативті продюсері ретінде Фархат Әбдірайымов таңдалған.

 

Сіздің реакцияңыз
10
9
2
1
0
22
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel