RU

Атырауда қара сора шеккен ефрейтор қызметінен қуылды

Атыраудағы 5546 әскери бөлімінің (Ішкі істер әскері) әскери полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 296-бабы 1-тармағы («Есірткі заттарды медициналық емес тұтыну») бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

Бұл туралы Ақ жайық басылымы хабарлайды.

20 қазанда сағат 19.30-да Водников ауылындағы 5546 ә/б аумағында келісімшарт негізінде қызмет атқарып жүрген ефрейтор Ж.А. ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сол жерде оның қара сора шеккені анықталды.

Ж.А. Әскери күштер қатарынан шығарылды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/944079-atyrauda-qara-sora-shekken-efreytor-qy.html