RU

Францияда ондаған кит жағаға шығып қалды (фото)

 Франция жағалауларында Па-де Кале бұғазында бірнеше кит жаға сыртына шығып қалды. Оларды байқап қалған әйел бірден құтқарушыларға хабарлаған, деп хабар таратты НТВ.

Кале қаласында теңіз жағалауына таңертеңгілік серуенге шыққан француздық келіншек жағаға шығып қалған киттерді байқайды. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жеткенше, құрғақ жерде көп жатып қалған он киттің алтауы өліп қалған.

Қалғандарын аман алып қалу үшін адамдар олардың үстіне теңіз суын бүркіп, экскаватордың көмегімен алып жануарларды қайта суға жеткізуге тырысты.

Бірнеше сағаттан кейін екі кит аман-есен теңізге жеткізілді. Тағы бір сағттан соң қалған екі кит те олардың қатарына қосылды. Жергілікті құтқарушылар үшін бұл оқиға тәжірибелерінде алғаш рет орын алып отырған көрінеді.

Мамандардың пайымынша, барлық киттер бір үйірден, олар құрғақ жердің құрсауында қалған отағасының соңынан жағаға әдейі шыққанға ұқсайды.

Құтқарылған төрт кит теңіз түбіне жүзіп кетті. Қалған алты киттің өлексесі зерттеу жүргізу үшін бельгиялық Льеж университетіне тапсырылатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/944709-franciyada-ondaghan-kit-zhaghagha-shyghyp-qa.html