RU

Ғалымдар артық салмақ жинаудың басты себебін атады

Америкалық ғалымдар адамдар тамақтану рационы әрқашан түрлі-түрлі болатыны себепті артық салмақ жинайтынын анықтады, деп хабарлайды «Ресей басылымы».

Бұл ретте, аталған себептің зияны осыған дейін жұрттың бәрі артық салмақтың пайда болуына негіз болатын - көп отыру, қимыл-қозғалысы аз өмір салтынан да асып түскен.

Эксперименттің негізгі мақсаты - сусамыр (қант диабеті) сияқты дерттің даму қаупін анықтау. Оған шамамен 7 мың ерікті адам қатысты. Тәжірибе бес жылға созылған. Бұл кезеңде еріктілердің белі өлшеніп, олардың тамақтануына талдау жасалған. Соның нәтижесінде тамақтану рационы түрлі-түрлі болған адамдардың семіздікке шалдығу қаупі жоғары екені белгілі болды. Осындай рацион глюкоза мен қан қысымының деңгейін қатты өзгертеді. Адам бойында май жиналып, түрлі дертке шалдығу қаупі артады.

Көлемді зерттеудің авторлары адам ағзасындағы шалыстықтың негізгі факторы - адамдардың бірнеше түрлі тағамды жеуге ұмтылуы екеніне сенімді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/945171-ghalymdar-artyq-salmaq-zhinaudynh-basty.html