RU

Алматыда қызанақтардың бір келісін 10 мың теңгеден сатуда (фото)

Алматыдағы гастрономдардың бірінде өткізіліп жатқан «алтын» қызанақтар туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі хабар ғаламтор қолданушылары арасында қызу талқыға салынды. Белгілі блогерлердің бірі аталған қызанақтар мен оның бағасы көрсетілген суретті жариялаған. Суретте қара фонға ақ түспен бір келісі 10 мың теңге деген жазу кескінделген.

Белгілі болғандай, черри сортына жататын «Сладкий сон» қызанақтары Алматыға Испаниядан алып келінген деп хабарлайды AlmatyNews .

Оларды өткізетін сауда нүктесі әкімшілігінің айтуынша, «Сладкий сон» - бұл экологиялық таза қызанақтар, ГМО және химиялық тыңайтқыштарсыз, бірақ бұтағының арқасында алып келінетін өзге қызанақтарға қарағанда ұзағырақ сақталады және әрдайым жаңа піскен қалпында сатылады. Сонымен қатар, әкімшіліктің айтуынша, аталған қызанақтар тек қызыл түсті ғана емес, сары түстері де болады.

Қызанақтардың бағасы доллар көтерілгенімен өзгермеген және тек бір сауда нүктесінде сатылады. «Алтын» қызанақтар тұрақты клиенттердің арасында үлкен сұранысқа ие. Десе де, ғаламтор қолданушыларының қалдырған пікірлеріне сүйенсек, алматылықтардың басым бөлігі «Сладкий сон» қызанақтарының бағалаушылар емес әрі тұрақты сатып алушылардың қатарына кірмейтін көрінеді.

Айта кетсек, гастрономда бағасы арзанырақ қызанақтар да сатылуда – бұл бір келісі 9 мыңға бағаланған Израильдің қызанақтары және бір келісі 1200 теңгелік жергілікті қызанақтар болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/945186-almatyda-qyzanaqtardynh-bir-kelisin-10-m.html