RU

Қазақстандық стрип-пластика шебері грузиндерді биімен есеңгіретіп қойды (видео)

Қазақстандық биші Ева Шиянова грузиндік Goergia's Got Talent жобасында бағын сынап көрді. Стрип-пластика бойынша Қазақстан чемпионы байқаудың жартылай мәресіне жолдама алды.

Бойжеткеннің би көрсетілімі шоу көрермендері мен қазылар алқасының таңданысын туғызды. Көрсетілім соңында зал ішіндегілер орындарынан тұрып, қазақстандық бишіге ду қол шапалақтады. Қазылар бірауыздан Ева Шияноваға келесі кезеңге өтуге дауыс берді.

Өткен жылы Шиянова румындық Romania Got Talent дарындылар шоуында өнер көрсеткен болатын. Сол кезде биші қыз дәл осы "Radioactive" әніне билеген болатын.

Сондай-ақ, қазақстандық биші So You Think you can Dance  жобасында да көрермендер көзіне түскен болатын. Байқау қорытындысы бойынша Шиянова ТМД елдерінің ең үздік 40 бишілерінің қатарына енді. Ал Қазақстанда Ева Шиянова би өнерінен сабақ береді және хореограф-сахналаушы болып қызмет атқарады.

Ева Шиянованың бимен айналысқанына 15 жылдан асып кеткен, оның ішінде Ева 8 жыл Абай атындағы опера және балет театрында балет бишісі ретінде жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/945419-qazaqstandyq-strip-plastika-sheberi-g.html