RU

Қытай мен Тайвань көшбасшылары 1949 жылдан кейін алғаш рет кездеспек

Ресми Бейжің Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен Тайвань басшысы Ма Инцзю арасында кездесу өтетінін растады деп хабарлайды 24.kz.

Тарихи кездесу Сингапурда 7 қараша күні өткізіледі, деп хабарлайды ҚХР-дың Тайвань істері жөнінен өкіліне сілтеме жасаған «Синьхуа» агенттігі.

Сонау 1949 жылдан бері болғалы тұрған кездесуге қатысты ол былай деген: «Басшылар Тайвань бұғазының қос жағалауы арасындағы қарым-қатынастардың бейбіт түрде дамуына ықпал ету жөнінде өзара пікір алмасады».

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/945513-qytay-men-tayvan-koshbasshylary-1949-zhyld.html