RU

Әлемнің ірі әуе компаниялары Синай түбегі арқылы ұшудан бас тартуда

Ресей ұшағының әуе апатынан кейін 12 әуе компаниясы Синай түбегі арқылы ұшудан бас тартып, Мысырға сапар шегу бағытын өзгертті, деп хабарлайды ТАСС.

El Badil баспасының хабарлауынша, әуе апатынан кейін қауіпсіздік шараларын іске асыру мақсатында Air France, Lufthansa сынды ірі әуе тасымалдаушылары мен Emirates, Fly Dubai, Ittihad, Air Arabia атты БАӘ-нің төрт бірдей компаниясы және Катар, Кувейт, Иордания, Бахрейн әуе жолдары бағыттарын өзгерткен.

Сонымен қатар, ресейлік «Уральские авиалинии»,«Оренбургские авиалинии» компаниялары да аталмыш бағыттан бірден бас тартқан еді.

31 қазанда мысырлық Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербор қаласына бағыт алған ұшақ апатқа ұшырап, 7 адамнан құралған ұшақ экипажы мен 217 жолаушы бірден көз жұмған болатын.

Жолаушылардың басым бөлігі Санкт-Петербор қаласының тұрғындары екені анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/945964-alemdegi-iri-aue-kompaniyalar-sinay-tu.html