RU

Алматы облысында "Қазпоштаның" бөлім басшысы ірі соманы жымқырған

Ұйғыр аудандық сотының өндірісіне Ұйғыр ауданы Ават ауылдық «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланыс бөлімінің басшысы М.Машраповқа қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бұл туралы AlmatyNews АА-нің тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеу органдарымен анықталғандай, М.Машрапов 2015 жылғы мамыр-маусым айлары аралығында өзінің қызмет бабын пайдаланып, 1 935 879 теңгені заңсыз иеленген.

«Көрсетілген ақшалай сома зейнетақы, жәрдемақы және еңбекақы алатын ауыл тұрғындарына тиесілі болған», - делінген хабарламада.

М. Машраповқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармағы бойынша айып тағылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/946065-almaty-oblysynda-qazposhtanynh-bolim-b.html