RU

Батырхан Шүкеновтің бұрынғы әйелі өзін сынағандарға жауап қайтарды

Өткен аптада Батырхан Шүкеновтың баласы Мақсұт пен анасы Екатерина Шелякова ресейлік «Пусть говорят» бағдарламасына қатысқан болатын. Эфирде айтылған әңгімелер халықтың наразылығын тудырған соң, Шелякова өз жауабын айтты деп жазады NUR.KZ baistars.kz-ке сілтеме жасап.

Наразы болғандардың қатарында Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов пен психолог әрі нумеролог маман Клара Күзденбаева да бар еді.

Vlast.kz сайтында Екатерина Шелякованың өзіне қатысты айтылған пікірлерге өзіндік жауап қайтарды. Оның айтуы бойынша, Батырхан Шүкеновтың  Мәскеудегі  директоры Руслан Екатеринаға хабарласып, Шүкенов туралы хабар түсіретіндігін айтқан.

Сөздің растығын білу үшін бағдарлама продюсері Наташаға звондап, продюсер оның жағдайын сұрағанда, қайда барарын білмей досының  1 бөлмелі пәтерінде тұрып жатқандығын айтқан. Продюсер сол арада камера мен журналист жіберіп, көшкен кездерін түсіріп алған.

Екатеринаның өзі келмесе де, бағдарлама түсірілетін болғандықтан, келуге мәжбүр болғанын айтады. Қазақстандық меценаттардан қаржы сұрағаны туралы Екатерина Шелякова былай деді:

"Мен тележұлдыз емеспін. Бағдарлама жүргізушісі Андрей келіп, "мүмкіндігін болып тұрғандықтан көмек сұра. Мүмкін біреу-міреу табылып қалар" деді. Мен неге қарсы болайын деп ойладым», - дейді Шүкеновтің бұрынғы әйелі.

Сондай-ақ, Екатерина Шелякова Америкада тұрып жатқан үйлері туралы да айтып өтті.

«Қайталап айтайын, үй керемет, оны Батырдың өзі жобалады.  Біз скайппен барлығын келісіп жасадық, қабырға түсінен бастап жиһаздарға дейін. Ол үйді басқа адам өз атына жазып, өзіне алсын. Тек Мақсұтқа сол үйде төрт жыл тұрып, сонда оқуын аяқтауға мұрсат беріңдер. Мен басқа ешнәрсе сұрамаймын»- деді Шелякова.

Ал Мақсұттың Андрей Малаховқа көмек сұрап жіберген видеосы туралы сұраққа Шелякова идея бағдарлама шеф-редакторға тиесілі екендігін айтып, үш күннен соң ғана келісімін беріп, түсіргендігін айтты. Сөз соңында, көмектесе алмаған жандар тым болмаса таспен атпауын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/946444-batyrkhannynh-burynghy-ayeli-zhurttynh-pi.html