RU

Оралда Қызыл армия сарбазы ескерткішін алып жатыр

Батыс Қазақстан облысының орталығы Оралдың орталығында 5 қараша күні қалалық жол пайдалану кәсіпорнының жұмысшылары Қызыл армия сарбазы Михаил Гавриловке қойылған ескерткішті орнынан алуға кірісті.

Облыстық тарихи-мәдени нысандарды қорғау инспекциясының өкілі Абзал Байбековтің айтуынша, ескерткіш мемлекет қорғауындағы нысандар тізімінен 2008 жылы шығарылған.

Биыл маусым айында Оралдағы қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектебінің директоры Құспан Мұқатаев қалада 1958 жылдан бері тұрған 15 жастағы қызыл армияшыл Гавриловке темір-бетоннан орнатылған ескерткішті басқа жаққа көшіруді ұсынған.

Ол Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жанында тұрған ескерткішті әскери-техникалық мектептің қасына көшіруге ұсыныс жасаған.

Совет кезінде Қызыл армия сарбазы Михаил Гавриловке 20-ғасырдың басындағы азаматтық соғыс кезінде ақтардың бір офицерін өлтіріп, Оралды басып алу жоспарын қолға түсіргені үшін мадақ айтылатын. Ол 1919 жылы Новенькое елді мекенінің түбіндегі шайқаста қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/947093-oralda-qyzyl-armiya-sarbazy-eskertkish.html