RU

ШҚО-да салынып жатқан клуб өртке оранды

ШҚО-ның Үржар ауданы Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінен өрт шықты хабарлады облыстың ТЖД.

Өрт туралы ақпарат сағат 06.50-де түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде ағаштан жасалған шатыр жанып жатты. Жалын 400 шаршы метр алаңды шарпып үлгерген. Өрт шыққан кезде ғимаратта күзетшіден басқа ешкім болмаған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ӨБ-15 жеке құрамының 4 адамы, Қарабұлақ ауылы тірек пунктінің 2 адамы қатысты.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/947440-shqo-da-salynyp-zhatqan-klub-ortke-orand.html