RU

Volkswagen-нің бензинмен жүретін темір тұлпарларынан кінәрат шықты

Бұған дейін Volkswagen-нің дизельді көліктері зиянды қалдықты шектен тыс бөледі деген айып тағылса, енді осы кінәрат бензинмен жүретін темір тұлпарлардан да табылып отыр деп хабарлайды 24.kz.

Бұл тізімде Skoda Octavia, Volkswagen Polo, Passat, Golf және Audi A1 мен А3 маркалары бар. Мұны мамандар концерннің ішкі зерттеуі кезінде анықтаған. Аты аталған көліктердің бүгінге дейін 800 мың данасы сатылып кетіпті. Шығын көлемі 2 млрд еуроға жетіп отыр. Осы жағдайдан кейін Франкфурт биржасындағы Volkswagen-нің акциялары 10%-ға құлдырады.

Ушыққан жағдайда отқа май құюшылар да табылды. Американың қоршаған ортаны қорғау агенттігі Porsche Cayenne, Volkswagen Touareg, Audi A6 allroad quattro көліктерінде де көмірқышқыл газы шамадан көп бөлінеді деп мәлімдеп отыр. Ал соңғы 2 жылда АҚШ-қа осы маркалардың 10 мың данасы енген.

Porsche Cayenne сатылымы Канада мен Америкада қазір тоқтап тұр. Енді аталған агенттік неміс концернінен 375 млн еуро өндіріп алмақ. Volkswagen-нің өзі болса, бұл айыптауды мойындар емес. 18 млрд доллар мөлшерінде айыппұл арқалап жүрген ірі көлік концерні енді дизельді автомобильдер өндірісін қайта қарап, электромобиль құрастыруға көбірек көңіл бөлмек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/947517-volkswagen-ninh-benzinmen-zhuretin-temir-tulpar.html