RU

Ана сәбиін құтқару үшін автомобиль доңғалағының астына түсті (видео)

 Ресейдің Саратов облысында ана баласын ажалдан аман алып қалу үшін автомобиль доңғалағының астына құлады.

Балаково елді мекенінде оқыс оқиға орын алды. Бір әйел  әдейі автомобиль доңғалағының астына түспекке ұмтылды.

Кейіннен белгілі болғандай, 5 қарашада №1 қалалық емхана маңында бір әйел  орнынан күрт қозғалған машинаның капотына құлаған. Өйткені, жүргізуші  сол мезетте өзге көліктен шыға келген баланы аңғармаған. Сәби машинаның сол жағында болғандықтан тіпті оны байқамаған да.

Қыз бала анасын көрген сәтте дереу  оған қарай тұра жүгірген. Бұдан қатты қорыққан ана осындай әрекетпен автомобильді тоқтатуды ұйғарды. Бір қуаныштысы, бұл оқыс оқиғадан ешкім де зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/947748-ana-sabiin-qutqaru-ushin-avtomobil.html