RU

Мамандар қытайлық қаптамалардың денсаулыққа зиян екенін анықтады

Қытайлық қаптамаларда формальдегидтің құрамы шамадан артық екені анықталуда. Бұл туралы Астанада Қазақстанның қаптама өндірушілерінің конференциясында «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлтық агенттігі» АҚ-ның басқарушы директоры Ғазиза Шаханова мәлім етті.

«Полимер Продакшн» компаниясы қытайлық қаптамаларға жасаған сынақтардың хаттамасын көрген болатынбыз. Осы орайда қытайлық қаптамада формальдегидтің құрамы Кеден одағы регламенті бойынша ескерілген деңгейден 19 есе артық. Бұл мәселе бойынша біз Ұлттық экономика министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне белгі бере бастадық», - деді Шаханова.

Бұл тұрғыда ол бүгінде Қазақстанда қытайлық қаптамалар мен орамалар көптеп жеткізіліп жатқанын атап өтті.

«Қытай полимерлік қаптамамен де біздің аумақты толтырып жатыр. Мәселен, Қазақстанға жеткізілген 390 млн пропиленді қапшықтардың 93 пайызы Қытайдан келген импорт. Олар бағасының төмендігімен, көлемімен қыспаққа алып отыр. Сонымен қатар олардың өнімдерінің сапасы Кеден одағының техникалық регламентіне де сәйкес келмейді», - деді Ғазиза Шаханова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/948036-mamandar-qytaylyq-qaptamalardynh-den.html