RU

"Қазатомпром" Францияға уран жеткізбек

"Қазатомпром" ұлттық компаниясы Electricite de France (EDF) компаниясымен Францияға Қазақстан уранын тасымалдау туралы келісім жасасты деп мәлімдеді "Қазатомпромның" баспасөз қызметі.

 

Келісім бойынша, "Қазатомпром" EDF-ға 2021-2025 жылдары аралығында 4 мың 500 тонна табиғи уран концентратын жеткізеді.

Ынтымақтастық туралы коммерциялық келісімге Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға сапары кезінде қол қойылған.

"Қазатомпром" бұған дейін Қытайдың  China Nuclear Energy Industry Corporation корпорациясымен Қытай аумағы арқылы Солтүстік Америка мен Канададағы, Үндістан атом энергиясы департаментімен осы елге 2019 жылға дейін 5 мың тонна уран тасымалдау туралы келісім жасасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/948332-qazatomprom-franciyagha-uran-zhetkizbe.html