RU

Қазақстандық кәсіби боксшы қарсыласынан нокаутпен ұтылып қалды

Орта салмақта сынға түсіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Радмир Ахмедиев алғаш рет жеңілді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Далласта өткен бокс кешінде сегіз раундтық жекпе-жектің 7-раундында отандасымыз Джон «Феномен» Верадан (10-0-0) нокаутпен ұтылды. Сөйтіп, Ахмедиевтің үздіксіз жеңістер сериясы үзілді.

Айта кету керек, 25 жастағы қазақстандық боксшы бүгінге дейін 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетсе, алты қарсыласын нокаутқа жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/948667-qazaqstandyq-kasibi-boksshy-qarsylas.html