RU

Жамбыл облысында мектеп дирекциясы мұғалімдер беруі тиіс параның тізімін құрған

Жамбыл облысының Меркі ауданында мектеп директоры парамен ұсталды. Білім ошағының басшысы өз кабинетінде 150 мың теңге алып жатқанда, қолына кісен салынған деп хабарлайды КТК арнасы.

Директор жергілікті тұрғынды жұмысқа алу үшін осыншама ақша талап етіпті. Алайда, арам ойы жүзеге аспады. Қызметке құн сұраған басшы енді заң алдында жауап береді. Орынбасарының да былығы ашылып жатыр.

Одан 130 мың теңге тәркіленіп, тағы 1 жарым млн теңгеге жуық ақша жинап берулері тиіс мұғалімдердің тізімі табылған. Күдіктінің айтуынша, қомақты қаржыны білім сапасын бақылау департаментінен келген комиссияға бермек болыпты.

Қазір осы деректің жай-жапсары анықталуда. Ал директор қазір қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/949092-zhambyl-oblysynda-mektep-direkciyasy-m.html