RU

Маржан Арапбаеваның әні үздік әскери ән атанды

Қазақстанның Қарулы күштерінде «Мен әскерде болғанда» армиялық қызмет туралы алғашқы республикалық үздік музыкалық композиция шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Шығармашылық байқау Қорғаныс министрлігімен дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, әскери қызметтің маңызды екеніне қоғамның назарын бұру үшін жарияланды.

Өздерінің жұмыстарын байқау комиссиясына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 25-тен аса автор жолдаған болатын. Байқау қоғамның қызығушылығн оятып, әр жылдары өмірі армиямен тығыз байланысты болған және әскери қызмет пен әскердің тыныс-тіршілігін жақсы білетіндердің жүректерінен орын тапты.

Байқау жұмыстарын бағалау кезінде құрамына кәсіби музыканттар мен әскери сала өкілдері кірген әділқазылар алқасымен орындау шеберлігі, мәтіннің бірегейлігі, берілген тақырыпқа музыкалық композицияның сәйкес келуі, сондай-ақ өнерді жалпы  сезінуі ескерілді.

Байқаудың шыңырау шегіне Орталық әскери ансамбльдің жас музыканты Жансұлтан Жұмағалиевтің орындауындағы Маржан Арапбаева мен Әбдірахман Асылбектің «Армиямыз айбынды!» атты шығармашылық дуэттің жұмысы шықты.

Армиялық қызмет туралы үздік композиция байқауының финалдық аккорды кәсіби тұрғыдағы ән бейнебаянының түсірілімі болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/949241-marzhan-arapbaevanynh-ani-uzdik-askeri.html