RU

Неміс ғалымдары биттен тәулік ішінде арылтатын арнайы тарақ ойлап тапты

Неміс ғалымдары «электрлі тарақты» ойлап тауыпты. Басы биттеген адамдар бұл тарақты пайдаланса, биттен бір тәулік ішінде құтылады екен.

Мұның өзінде денсаулыққа ешбір зиян келмейді деп хабарлайды Popular Science. Неміс инженерлері тарақ тістерінің арасына жоғары кернеулі тоқты жүргізген.

Тістердің ұштары электрод қызметін атқарып, айналасына энергия шашады. Сол себепті электродтар арасынан өтетін тоқ ауа молекуласын тотықтырып, оны газдан салқын плазмаға айналдырады. Артынша ауа молекулалары биттерді қырады. Мұның өзінде шаш арасындағы температура өзгеріссіз қалады деп жазады lenta.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/949279-nemis-ghalymdary-bitten-taulik-ishinde.html