RU

Іш киіммен қазақтың көк туын сахнаға желбіретіп шыққан бойжеткен халықтың ызасын тудырды (фото)

Іш киіммен қазақтың көк туын сахнаға желбіретіп шыққан бойжеткен ғаламтор пайдаланушыларының ызасын тудырды.

Әлеуметтік желі қолданушысы Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Қазақстанның туын желбіретіп шыққан бойжеткеннің жазалануын талап етті.

"Көк туымды дəл осылай желбіреткен мына қызға жəне осыны ұйымдастырушыларға үлкен көлемде айыппұл салынсын! Ұлтты қорлауды қашан қояды екенбіз? Өзінің шешінгенімен қоймай, елдің бəріне өзінің қайдан шыққанын көрсетті-ау. Есті қыз болса дəл бұлай көк байрағымызды қорламас еді", - деп жазды Айгүл Орынбек.

Сонымен қатар қолданушылар "туды шешінген қызға жамылғы қылып сахнаға шығарғанша, балконда желбіреп, ілініп тұрғаны жақсы еді" деген пікір айтуда. 

Әзірге бұл қай қалада болған іс-шара екені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/949548-ish-kiimmen-kazaktyn-kok-tuyn-sahnaga-zhelbiretip-shykkan-bojzhetken-halyktyn-yzasyn-tudyrdy-foto.html