Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте ауылдастарын жаппай қызметке алған басшы жұмыстан кетті

Опубликовано:

Шымкентте мемлекеттік қызметкер 99 жұмыс күнінің ішінде 7 рет денсаулығына байланысты демалыс алған деп жазады Рейтинг газеті.

Ол - Энергетика министрлігі мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы Берік Мейірбеков.

«Басшының мекемеге келген бойда кадрлық сапырылыстыру жүргізгені, тәжірибелі мамандарды жұмыстан босатып, оның орнына тәжірибесі жеткіліксіз жас мамандарды жаппай алынғандығы әңгіме болған. Ал, ол жас мамандардың дені Берік Қуанұлының кіндік қаны тамған Созақ ауданынан екендігі айтылғанда көңілге күдіктің ұялағаны да рас» делінген газеттегі ақпаратта.

Айта кетейік, денсаулығы жиі сыр беретін шенеунік Берік Мейірбеков бүгінде қызметімен қош айтысыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/949776-shymkentte-auyldastaryn-zhappay-qyzme/

pixel