RU

Атырау әкімі Қайрат Нұртасты жер-көкке сыйғызбай мақтады (фото)

Танымал әнші Қайрат Нұртасқа Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев алғыс хат жолдап, әртісті күміс көмей, жезтаңдай әншіге теңеген, деп жазады NUR.KZ.

Сондай-ақ, Атырау басшысы құттықтауында Қайрат Нұртастың ән әлемінде өзіндік қолтаңбасы қазақ өнерін жаңа сатыға көтергенін мадақтап жазған.

"Шығармашылық қоржыныңыздағы туындыларыңыз жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық пен елге деген сүйіспеншілікті, табандылық пен шығармашылық қасиеттерді қалыптастырып, жастардың жігерін жани түсуде", - дейді қала басшысы Ожаев алғыс хатта.

Айта кетерлігі, Қайрат шырқайтын әндердің көпшілігі махаббатқа арналған лирикалық әндер болғандықтан, әртістің шығармашылығынан ұлтжандылық пен елге деген сүйіспеншіліктен гөрі, сезімге берілген ғашықтық сарын басым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/949807-atyrau-akimi-qayrat-nurtasty-kumis-ko.html