RU

Арулардың арманына айналған балуан Руслан Әбдіразақов шаңырақ құрды (фото)

7 қарашада "Қазақстан Барысы" сайысының екі дүркін жүлдегері атанған Руслан Әбдіразақов шаңырақ құрды. Өнер жұлдыздары мен спорт саңлақтары түгел қатысқан балуанның тойы Алматыда дүркіреп өтті.

Талай бойжеткеннің арманына айналған Руслан Әбдіразақовтың таңдауы түскен арудың есімі - Мөлдір. Келіннің бетін танымал айтыскер ақын Ринат Зайытов ашты. Думанды кеште қазақ күресінің майталмандары да болды.

Балуанды қуанышымен құттықтаған "Нұр-Мұқасан" тобы, "Жігіттер" квартеті, Айгүл Иманбаева, "Меломен" тобы қос ғашыққа ән сыйлап, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/950106-boyzhetkenderdinh-armanyna-aynalghan-b.html