RU

Алматы дәріханаларында дәрі-дәрмек құны 60%-ға қымбаттап кетті

Алматы дәріханаларында кей тұмау мен грипп вирусына қарсы дәрі-дәрмектің құны жыл басынан бері 60%-ға қымбаттаған.

Бұл туралы ҚазТАГ-қа сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

60%-ға бағасы қымбаттаған дәрі - «Терафлю №10» - бір қорабы 900 теңгеге көтеріліп, 2400 теңге болған. Ал Coldrex №10 құны 600 теңгеге (40%) өсіп, 2100 теңгеге сатылуда. «Инсти» шәйі 80 теңгеге қымбаттап, 400 теңгеге қойылған. Қазақстанда шығарылатын «Ремантадиннің» қорабын тұрғындар 490 теңгеге сатып алып жатыр.

«Фервекстің» қорабы ақпанда 1500 теңге тұрса, бүгінде 1650 теңгеге жеткен. «Ингавирин» 2600 теңгеден 2900 теңгеге көтерілген.

Айта кетерлігі, «Ксимелин» бағасы (650 теңге) өзгеріссіз қалған. Ал жөтелге қарсы «Бронхикумның» құны - 820 теңге (+320 теңге), «Мукосол» - 780 теңге (+280 теңге) және «Лазолван» - 900 теңге (+30 теңге).

Сол арада Қазақстанда шығарылатын «Антигриппин» Алматы дәріханаларында 120 теңгеден, ал «Парацетамол» 30 теңгеден қойылған. Бұл аталмыш дәрілердің сәйкесінше, 20 және 5 теңгеге көтерілгенін байқатады.

Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының директоры Светлана Оспанованың айтуынша, тамыз айынан бастап кей дәрілердің құны 30-40%-ға өскен.

«Қаншалықты девальвация болса, соншалықты дәрі бағасы да өседі деп санай беріңіздер. Олардың бәрі валютаға алынып жатыр емес пе? Дәрілер бәрібір қымбаттайды. Отандық дәрілер де. Себебі олардың құрамдас бөліктерін шетелден валютаға алады», - деп түсіндірді ол.

Сантиралық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг орталығының өкілі Айнагүл Қуатбаева Қазақстанда эпедимиологиялық мерзімнің басынан бері 40 мыңға жуық тұрғын тұмаумен сырқаттанғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/950476-almaty-darikhanalarynda-dari-darmek-q.html