RU

Қазақстанда әлеуметтік нанның бағасы 90 теңгеге дейін жетуі мүмкін

Қазақстанда нанның әлеуметтік бағасы ұн бағасына байланысты болады, деп мәлімдеді  "Елордалық нан-сауда" ЖШС директоры Әбдірахым Төлендиев.

"Қалыпты немесе әлеуметтік нан өте дәмді, бәрі алады. Бұл әділеттілік емес. Осы нан бойынша біз тиімсіз жұмыс істеп жатырмыз. Ол бойынша бізде пайда жоқ. Ұнды бір бағамен сатып аламыз, нанды ұннан арзан сатамыз. Біз шығынға бата алмаймыз, сондықтан сұрыптамаға басты назар аударамыз… Ұнның бағасы 80 теңге болса, яғни 80-90 болады. Дүкенде 1 келі ұн 130 теңге тұрады, ал біз көтерме бағамен сатып аламыз ғой. Көтерме баға қазір 65-75 теңге. Біз 80-90 теңгемен сататын боламыз", — деді Төлендиев дүйсенбіде баспасөз турында.

Ол нан бағасы 1 келі ұнның көтерме бағасымен теңестірілетін болады деп түсіндірді.

"Ресейде нан 30-33 рубль тұрады. Біздің ақшаға ауыстырғанда — 150-200 теңге", — деді Төлендиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/950734-qazaqstanda-nannynh-aleumettik-baghas.html