Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құдайдың қаһарына ұшыраған қала табылды

Опубликовано:

Археологтар Иордания аумағынан Лұт (ғ.с.) пайғамбар заманында Құдайдың қаһарына ұшырап, жойылған қауым мекендеген қаланың орнын тапты деп хабарлайды ummet.kz.

Ғалымдар территорияның тұрпаты тарихи-ғылыми деректерге сәйкес келгендіктен Лұт қауымы деуге толық негіз бар дегенді алға тартады. Қазба жұмыстары кезінде бекітілген мұнара мен қабырғаны кезіктірген. Ал олардың алыптығы сонша, оның құрылысына жүздеген миллион қажет етілетін көрінеді. Қала сыртында алаңдармен қоршалған үлкен жол тартылған.

Еске сала кетсек, Лұт қауымы қаласы туралы қасиетті Құран Кәріммен қатар Інжіл кітаптарында да айтылады. Алла тағала Лұт (ғ.с.) пайғамбардың ізіне ерген қауымды ғана қорғап, оның әйелі мен өзге де күнәһар болған халықты жер бетінен жойып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/950910-qudaydynh-qaharyna-ushyraghan-qala-taby/

pixel