RU
Динара Назарбаеваны сомдамақ болған актриса рөлінен айырылып қалды

Динара Назарбаеваны сомдамақ болған актриса рөлінен айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

Динара Назарбаеваның образын сомдамақ болған Бибігүл Ақтан Қазақстанның тұңғыш президенті туралы фильмнің кезекті түсірілімінен шеттетіліп қалды. Актриса кинода Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы Динараның рөліне тағайындалған болатын, деп жазады NUR.KZ

Мұндай жағымсыз жайтты Бибігүл Ақтан Instagram парақшасында жеткізді.

"Мені режиссер Сергей Снежкиннің ашушаң әйеліне ұнамай қалғаным үшін түсірілімнен шығарып тастады. Өкінішті, мен Нұрсұлтан Әбішұлын қатты құрметтеймін. Оның өміріне арналған жобада өнер көрсеткім-ақ келді. Бірақ, қорқатын түгі жоқ, Мәскеуге кетем, онда да түрлі жобалар бар. Динара Назарбаеваның рөлін енді кім сомдайды екен? Менің білуімше, Назарбаев барлық актерді өзі таңдаған, бірақ, режиссер Снежкин мен әйелі Инессаның пікірі маңыздырақ секілді", - дейді актриса.

Президент жайлы фильмнің жалғасы осы жылы жазда басталған болатын, ол экранға тек 2016 жылы жол тартпақ. Кинода Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін актер Берік Айтжанов ойнайды, ал бұрынғы түсірілімдерде бұл рөлді Нұрлан Әлімжанов сомдаған еді.

Еске сала кетейік, жақында ғана аталмыш кинокартинада танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның кейіпкері атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
133
58
8
30
0
26
68
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel