RU

ОҚО-да полигонда жарылыс болып, технолог қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында Арыс қаласы маңындағы полигонда жарылыс орын алып, 41 жастағы азамат қаза тапты.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2015 жылғы 8 қарашада шамамен сағат 10.40-та Арыс қаласының маңындағы «Қазтехнология» ЖШС-ның жару алаңының полигонында қалдықтарды кәдеге жарату кезінде жарылғыш заттардың жарылысы орын алды. Оқиға нәтижесінде «Кәдеге жарату орталығы» филиалының технологы 1974 жылы туылған Ермұрат Иманқұлов қаза тапты.

Қазіргі кезде оқ-дәрілерді кәдеге жарату және қалдықтарды жою бойынша жұмыстар тоқтатылды. Аталған жазатайым оқиғаны тексеру бойынша арнайы комиссия құрылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/951209-oqo-da-poligonda-zharylys-bolyp-tekhnol.html