RU

Ресейлік депутат ЕАЭО елдері арасында ортақ валюта енгізу жұмыстары туралы баяндады

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері үшін ортақ валюта енгізу жұмыстары баяу болса да жүріп жатыр. ТМД елдерінің істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс бойынша МД комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий валютаны евраз деп атауға ұсыныс жасады.

Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

"Жақын арада бізде ортақ есептесу бірлігі болады. Қазір банктер өз жұмыстарын жалғастыруда. Бұл 2011 жылы оңай көрінгенімен шын мәнісінде күрделі жұмыс болып шықты. Дағдарыс факторы да әсер етуде. Бірақ бұл қажет дүние, сондықтан жұмыс жалғасуда. Ерте ме, кеш пе валюта пайда болуы тиіс. Оны енгізу үшін бәрін реттеу оңай болмайды", — дейді Слуцкий Бірінші арнадағы "Познер" бағдарламасына берген сұхбатында.

Владимир Познердің валюта қалай аталады деген сауалына ол: "Көреміз. Бәлкім, евраз. Ақылдасатын боламыз" деп жауап қайтарған.

Қарашаның басында Армения Орталық банктің төрағасы Артур Джавадян ЕАЭО елдерінің ортақ валютаға өту әңгімелері асығыстық екенін алға тартқан. Ол бір ай бұрын ЕАЭО елдерінің ОБ басшылары отырысында ресейлік және қазақстандық тарап бұл мәселені 2025 жылға дейін қарастырмайтынын мәлімдегенін еске салды.

Джавадян ЕАЭО-дағы әріптестерімен ақылдаса отырып, бұл мәселе кемінде 30-40 жыл уақытты қажет етеді деген тоқтамға келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/951305-reseylik-deputat-eaeo-elderi-arasynd.html