RU

Атышулы рэпер Жан Ахмадиев "Қазақпыз ғой" бейнебаянының жалғасын шығарды

Өзін "заманауи жырау" деп атайтын Жан Ахмадиев атышулы "Қазақпыз ғой" бейнебаянының төртінші бөлігін тыңдарман назарына ұсынды. "Дағдарыс (Ерлан Бектібаевқа арналады)" деп аталатын жаңа туындыда Ахмадиев дағдарыстан бөлек, гейлер, Хэллоуин және девальвация туралы сөз қозғайды.

Бұған қоса, рэпер Тараздың орталық алаңында өз-өзін өртеп жіберген жас жігіттің де оқиғасын жырлап өтеді. Оның айтуынша, марқұмның өліміне жігітке жамандық жасаған полиция кінәлі.

Еске сала кетейік, мамыр айында Жан Ахмадиев Әліби Жұмағұловқа арнап «Қазақпыз ғой» бейнебаянын шығарған болатын. Әлеуметтік желіде тез таралып кеткен видео ғаламтор қолданушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.

Кейіннен рэперге бейтаныс біреулер хабарласып, бейнебаянды ғаламтордан алып тастауды талап еткен. 14 тамыз күні Ахмадиевті белгісіз жандар соққыға жығып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/951569-atyshuly-reper-zhan-akhmadiev-qazaqpyz-gh.html