RU

Грузияда "Не? Қайда? Қашан?" ойыны кезінде қатысушыға үйлену туралы ұсыныс жасады

Теледидардан көрсетілетін "Не? Қайда? Қашан" интеллектуалды ойыны әлем көрермендерінің көзайымына айналған. Грузияда болған бағдарламаның соңғы сериясы ерекше күйде өткізілді. Онда телекөрермендер мен білгір ойыншылар қызық жайттың куәсі болды, деп жазады NUR.KZ Today.kz-ке сілтеме жасап.

Тікелей эфирде бағдарлама жүргізушісі команда капитанынан ортаға шығарылған қара жәшіктің ішінде не жатқанын сұрайды. Ойынға қатысушыларға сұрақты талқылауға бір минут уақыт беріледі. Соңынан капитан Аня есімді ойыншыға жауабын айтуға рұқсат береді.

Бірақ сәл уақыттан соң команда капитаны өз жауабын айтып, топ мүшелерін абдыратып тастайды. Шешімін тез өзгерткен топ басшысы қара жәшіктің ішінен жүзікті алып шығып,  Аня есімді қатысушыға сөз салады. Жас жігіттің көңілін қалдырмаған арудың қуанышы ғаламтор қолданушыларынан да қолдау тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/951929-gruziyada-ne-qayda-qashan-oyyny-kezind.html